Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған онкүндік аясында ерекше мәнге ие күндердің бірі «Шаңырақ» күні. Бұл күн – отбасы құндылықтарын дәріптеп, мейірім мен сүйіспеншіліктің, татулық пен түсіністіктің маңызын айқындайтын мереке.
Арқалықта Наурызнама онкүндігі жалғасып жатыр
Нақышты «Наурызнама» онкүндігінің рәсімдерін қалалық білім бөлімі жалғастырды. Әкімдік ғимаратында кезекті рет ұлттық салт-дәстүр ұлықталып, әсем ән мен тәтті күй әуеледі.
Жедел жәрдемдегі жанашыр жұбайлар
Дәрігерлік қызмет сезімталдық, жүрек пен зор жауапкершілікті талап ететін мамандық. Әсіресе жедел жәрдем саласында еңбек ету оңай емес екені белгілі. Уақытпен санаспай, адам өмірі үшін күресудің мәні бөлек.
Сарыкөл кентінде Наурыз мейрамына орай «Көже party» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
Оған Н.Дәулетова атындағы аудандық кітапхана ұйытқы болды. Мерекелік іс-шараға кітапхана оқырмандары, ауыл тұрғындары, жастар мен ардагерлер қатысып, Ұлыстың ұлы күнін бірге атап өтті.
Қостанай жастары наурыз мерекесін ұлықтады
Н.Островский атындағы орталық қалалық кітапханасы жанынан құрылған «Зейін» оқырмандар клубының мүшелері Науырыз мерекесіне арнайы іс-шара ұйымдастырды.
Ардагерге құрмет – ұрпаққа өнеге
Көрісу күні – адамдардың бір-біріне амандық тілеп, үлкенге құрмет көрсететін ерекше мерекелердің бірі. Осы игі дәстүрді жалғастыра отырып, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері жол саласының ардагері Бахыт Мусабекұлына арнайы барып, сәлем берді.
Ұландық офицерлер Қайырымдылық күніне орай игі іс жасады
Наурызнама онкүндігі аясында аталып өтетін Қайырымдылық күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөлімінің офицерлері игі бастама көтеріп, мұқтаж жандарға қолдау көрсетті.
Қостанайда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар бағдарламасы жарияланды
Қостанай қаласының әкімдігі көктемнің келуі мен жаңарудың белгісі саналатын Наурыз мейрамы кең көлемде бағдарлама әзірлеп отыр. 16–22 наурыз аралығында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени, танымдық, спорттық және ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылмақ.
Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні – Наурызнама онкүндігінің үшінші күні
Мерекеге орай республикалық мәдениет ұйымдарында бірқатар іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Qostanai Hub Наурыз қарсаңында қала тұрғындарына ерекше тосынсый жасады
Qostanai Hub Наурыз мейрамы қарсаңында қала тұрғындары үшін ерекше форматтағы акция ұйымдастырды. Ұйым өкілдері қала көшелерінде шағын тосынсый жасап, адамдарға дрон арқылы шоколадтар тарту етті.
