Арқалықта Наурызнама онкүндігі жалғасып жатыр

Арқалықта Наурызнама онкүндігі жалғасып жатыр

Нақышты «Наурызнама» онкүндігінің рәсімдерін қалалық білім бөлімі жалғастырды. Әкімдік ғимаратында кезекті рет ұлттық салт-дәстүр ұлықталып, әсем ән мен тәтті күй әуеледі.

Рәсімге қала әкімі Әмірхан Асанов қатысып, ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтады.

 

«Жыл сайын ұлттық құндылықтарымыз жаңғырып, ұмыт бола бастаған дәстүрлер жалғасын тауып, ата салтымыз халқымыздың бойына қайта сіңіп келеді. Әрқашан Президентімізді қолдай берейік. Әр үйге құт – береке берсін. Жаңа жыл құтты болсын» деді қала басшысы.

Мерекеде — тоғызқұмалақ, асық ойындары да көрініс берді. Шашу шашылып, сәбидің тұсауы кесіліп, Наурызкөже бастаған дастархан мәзірлері көпшілікке ұсынылды.

«Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы – жаңару мен жақсылықтың бастауы ғана емес, ұлттың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтары кеңінен дәріптелетін ерекше мереке.  Осыған орай бүгін біз қалалық білім бөлімінің ұжымы салт-дәстүр күніне арналған мазмұнды мерекелік іс — шарамызды ұйымдастырып жатырмыз. Наурыз думанымызға қала әкімі Әмірхан Біркенұлы қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шара барысында қазақ халқының тәрбиелік мәні зор дәстүрі тұсаукесер рәсімі таныстырылды. Нұрсезім атты баланың тұсауын кесу рәсімі қала әкімі Әмірхан Біркенұлына берілді. Бұл дәстүр баланың қадамы нық болып, жолы ашық, болашағы жарқын болсын деген ақ ниеттен туындаған», – дейді Арқалық қалалық білім бөлімінің «Әдістемелік кабинет» меңгерушісі Мейрамкүл Тілеубайқызы.

Рәсім барысында бата беріліп, ізгі тілектер тіленді.

 

blank blank blank   blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Мерекелік жиын ұлттық дәстүрдің мәнін айқындап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл — күй сыйлады.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                              Арқалық қала