Торғай төрінде ұйымдастырылған аудандық «ЖҮРЕГІМНІҢ ДҮРСІЛІ – ТОРҒАЙ» этно-реалити жобасының үш күн бойы жалғасын тапты.
Торғайда «ЖҮРЕГІМНІҢ ДҮРСІЛІ – ТОРҒАЙ» этно-реалити жобасы бастау алды
Жангелдин аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаның ұстанымы – жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық салт-дәстүр мен спортты дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау және белсенді жастардың басын бір арнаға тоғыстыру.
Торғайдың қарбызы пісті ме?
Ауданның орталық базар алаңында Торғай және Ахмет Байтұрсынұлы ауылдарының қатысуымен кезекті ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының алаңында ұлттық көрме ашылды
Женевадағы «Ұлы дала мұрасы» көрмесінің ашылу рәсіміне ДЗМҰ Бас директоры Дарен Танг, шетелдік делегациялардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Ассамблеяларға қатысушылар қатысты.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОНАҚЖАЙЛЫҒЫНА ТӘНТІ БОЛҒАН ЖАЯУ САЯХАТШЫ
Ресейдің Қазан қаласынан Алматыға дейін жаяу сапарға шыққан саяхатшы бүгінде Қазақстан шекарасынан өтіп, Қостанай облысының аумағында жолын жалғастыруда. Мыңдаған шақырымды жаяу жүріп өтуді мақсат еткен ол сапар барысында еліміздің табиғатын ғана емес, халықтың кең пейілі мен қонақжайлығын да жақыннан танып келеді.
Денисовте лагерьдің алғашқы маусымы ашылды
Денисов ауданындағы «Солнечный» балалар сауықтыру лагерінде жазғы маусым ашылды. Мұнда бес ауысым ұйымдастырылатын болады. Әр ауысымда 200 балаға дейін қабылдайды. Үш ай демалыста барлығы мыңға тарта баланы қамтымақ. Аталған лагерьде Денисов, Жітіқара ауданынан бөлек Қостанай, Лисаков және Астана қаласының жеткіншектері демала алады.
Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды
Болонья қаласында Қазақстан үшін тарихи маңызы бар оқиға — қазақы тазының World Dog Show 2026 бағдарламасына қатысуы аяқталды. Бұл көрме әлемдік кинологиядағы ең маңызды әрі беделді іс-шаралардың бірі болып саналады.
Қостанайлық қолөнершілер әлемдік рекорд орнатуға өз үлестерін қосты
Қостанай облысының қолөнершілері Өскеменде ерекше жетістікке жетті. Өңірден келген 29 шебер бірлесіп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл – қостанайлық шеберлердің алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін де ұлттық өнерді насихаттауда талай биікті бағындырған өнерпаздар бұл жолы да ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетті.
“Қазақ ауылы” этножобасы жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудің өнегелі үлгісі
Амангелді ауданы білім бөлімінің Бүйректал жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы» этножобасы жүзеге асырылды.
Бесіктің қадірін ұмытпайық
«Қостанай таңы» газетінің оқырманымын. Онда көп жаңалықтарды, өнегелі әңгімелерді жазады. Бірақ көбі газетке жазылмайды. Мен тұратын көшеде көбі қазақтар, бірақ газетке жазылмайды да, алмайды да екен. «Күнде теледидардан көрсетеді, сосын жазылмаймыз» деп сылтау айтатындар бар. «Мүлде жазылмаймыз дейтіндер» де бар. Ал өзім күнде қонақ күткендей күтіп отырамын. Пошта жәшігін ашып, бар болса қуанып, ала сала […]
