Маяковский көшесінде дүкен орналасқан ғимараттан өрт шықты. Жалын жақын маңдағы бес қабатты тұрғын үйдің екінші және үшінші қабаттарының балкондарына таралған.
ТЖМ қызметкерлері баспалдақ арқылы төрт адамды эвакуациялады. Өрт 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
