Торғайдың қарбызы пісті ме?

Торғайдың қарбызы пісті ме?

Ауданның орталық базар алаңында Торғай және Ахмет Байтұрсынұлы ауылдарының қатысуымен кезекті ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде жергілікті өнім өндірушілер тұтынушы халыққа өздерінің маңдай терлерімен дайындаған табиғи әрі сапалы өнімдерін ұсынды.

​Ұсынылған өнімдер мен олардың ерекшеліктері туралы айтар болсақ Торғай ауылы жергілікті бақша өнімдері, соның ішінде тіл үйірер тәтті Торғай қарбызын сөреге шығарды.

blank

Ал, Ахмет Байтұрсынұлы ауылы болса табиғи таза сүт өнімдері (сүзбе және түйір құрт) мен жаңа ауланған балық түрлерін базарлатты.

«Жәрмеңкедегі барлық тауарлардың құны нарық бағасынан төмен, тұрғындар үшін тиімді әрі қолжетімді бағада сатылды. Мұндай шаралар аудан тұрғындарын отандық өніммен қамтамасыз етіп, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған», — дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботакөз Саматова.

Торғайдың тіл үйірген тәтті қарбызын өсірушілердің бірі – «Нұрханов» жеке кәсіпкерлігі. Кәсіпкер Бейімбет Досқалиұлы өзен жағасына бау-бақша салып, енді міне оның жемісін көре бастады.

 

 

                                          Мұрат Жүнісұлы                                                                          Жангелдин ауданы