Науырзым ауданында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырған азаматтар қатары артып келеді. Соның бірі – Қараменді ауылының тұрғыны Асылбек Жауғашаров. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндігін тиімді пайдаланып, ауыл тұрғындарына арналған «Таза кілем» кілем жуу және химиялық тазалау қызметін іске қосты.
30 жылдық белестің биігінде
Халық арасында «тоқырау жылдар» деген атаумен сақталға 1990 жылдардың ауыртпалығы түспеген сала кем де кем шығар. Сол кезеңдегі тұрмыс-тіршіліктің кескін-келбеті аға буынға етене таныс. Белгісіздік біраз азаматтың сағын сындырып, қыз-келіншектер күнкөріс қамын күйттеп кетті. Мінекей сол уақытта біздің қоғамға «әйелдер қозғалысы», «гендерлік теңдік», «әйелдер кәсіпкерлігі» деген түсініктер ене бастады. Қазіргі Қазақстан Республикасының Іскер әйелдер қауымдастығы […]
Қостанайлық қолөнершілер әлемдік рекорд орнатуға өз үлестерін қосты
Қостанай облысының қолөнершілері Өскеменде ерекше жетістікке жетті. Өңірден келген 29 шебер бірлесіп, әлемдік рекорд орнатты. Бұл – қостанайлық шеберлердің алғашқы жетістігі емес. Бұған дейін де ұлттық өнерді насихаттауда талай биікті бағындырған өнерпаздар бұл жолы да ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетті.
Қостанай облысында Республика күніне орай журналистер арасында байқау жарияланды
Қостанай облысында облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, сондай-ақ республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері арасында жыл сайынғы байқау жарияланды. Ұйымдастырушы — «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ. Байқау Республика күніне орай өткізіліп, журналистердің кәсіби шеберлігін қолдауға, БАҚ жұмысындағы шығармашылық тәсілді дамытуға және қоғамдық маңызы бар тақырыптарды сапалы жариялауға бағытталған. Байқаудың негізгі мақсаттарының қатарында […]
Байланыс қызметкерлері күні: еңбегі еленген мамандар
Қостанайда Байланыс қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында сала мамандары мен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, байланыс саласының дамуына қосқан үлестері ерекше аталып өтті.
«Қарашаңырақ» ұлттық дәмге дем берді
Қостанайда ұлттық тағам түрлерін сататын «Қарашаңырақ» сауда нүктесінің ашылғанына көп болған жоқ. Сауда орны көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы шағын орын болса да, бүгінде өз тұтынушыларын тапқан.
Торғайда түрлі кәсіпті меңгерген аналарға құрмет көрсетілді
Жангелдин аудандық «Көшбасшы әйелдер» клубының ұйымдастыруымен еркін форматтағы мазмұнды диалог алаңы ұйымдастырылды. Кездесуге әр салада табысқа жеткен аналар шақырылып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Әділхан қалай кәсіпкер атанды?
Әулиекөл ауданының Новонежин ауылдық округіне қарайтын Жосалы – шағын ғана бөлімше. Ауыл іргесінде сүт фермасының құрылысы басталып, жаңа жұмыс орындары ашылатынын хабарлаған едік. Осындай игі бастамалардың бел ортасында жүрген азаматтың бірі – Әділхан Дәуренбеков.
Нан бағасы – 100 теңге
Әулиекөл ауданына қарасты Первомай ауылы өздерін бұл өніммен қамтамасыз етіп отыр. Екі ауысыммен жұмыс істейтін наубайшылар күніне екі жүзге жуыз бөлке нан жабады.
Арбаға жан бітірген Азамат. Қостанайлық шебер мүмкіндігі шектеулі жандардың алғысына бөленіп жүр
Бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мемлекеттің басты мақсаты – инклюзивті қоғам қалыптастыру. Қоғамға пайдасын тигізіп, өзгеге демеу болып жүрген жандар арамызда аз емес. Солардың бірі – Қостанай қаласының тұрғыны, темірден түйін түйген шебер Азамат Елемісов.
