Қостанай облысында облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, сондай-ақ республикалық БАҚ-тың меншікті тілшілері арасында жыл сайынғы байқау жарияланды. Ұйымдастырушы — «Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы» ММ.
Байқау Республика күніне орай өткізіліп, журналистердің кәсіби шеберлігін қолдауға, БАҚ жұмысындағы шығармашылық тәсілді дамытуға және қоғамдық маңызы бар тақырыптарды сапалы жариялауға бағытталған.
Байқаудың негізгі мақсаттарының қатарында — ел мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктерін насихаттау, тәуелсіз Қазақстанның саяси құрылыс үдерістерін жариялау, сондай-ақ журналистер мен интернет-кеңістіктегі авторлардың белсенділігін арттыру бар.
Өтінімдер мен байқау материалдарын қабылдау 2026 жылғы 29 мамыр мен 25 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Байқау комиссиясының жұмысы 10 қазанға жоспарланған, ал қорытындысы 2026 жылғы 20 қазанға дейін шығарылады.
Байқауға 2026 жылғы 1 қаңтар мен 25 қыркүйек аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан қазақ және орыс тілдеріндегі мақалалар, очерктер, репортаждар, теле- және радиобағдарламалар, интернет-жарияланымдар, паблик материалдары, фотожұмыстар мен операторлық жобалар қабылданады.
Әр номинация бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен 250 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттар табысталады. Балалар мен жастар арасындағы арнайы номинацияларда 100 мың теңгелік жүлделер қарастырылған.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Республика күні қарсаңында Қостанай қаласында өтеді.
Байқау материалдары жұмыс форматына қарай электронды немесе баспа түрінде ұсынылуы тиіс. Әр қатысушы тек бір номинация бойынша өтінім бере алады.
Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 90, ғимараттың сол жақ қанаты, 1-қабат. Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 777 579 8896, 54-03-01.
Журналистер арасындағы байқау номинациялары
Республикалық БАҚ
1. «Өңірлердің дамуы – елдің дамуы» (баспа БАҚ, сайттар)
Қостанай облысының жетістіктері туралы республикалық БАҚ-та жарияланған имидждік материалдар топтамасы үшін.
2. «Өңірлердің дамуы – елдің дамуы» (ТВ, YouTube)
Қостанай облысының жетістіктері туралы республикалық БАҚ-та жарияланған имидждік материалдар топтамасы үшін.
Облыстық, қалалық және аудандық БАҚ
3. «Жасанды интеллект» (баспа БАҚ, сайттар арасында)
Цифрландыруды дамыту және жасанды интеллектті кеңінен енгізу аясында жүзеге асқан айдар немесе жоба үшін. Елдің цифрлық трансформациясын жеделдетуге, жасанды интеллект технологияларын енгізуге, заманауи әрі бәсекеге қабілетті цифрлық экономиканы қалыптастыруға, отандық IT-жобаларды қолдауға бағытталған жарияланымдар бағаланады.
4. «Жасанды интеллект» (ТВ, YouTube, пабликтер арасында)
Цифрландыруды дамыту және жасанды интеллектті кеңінен енгізу аясында жүзеге асқан айдар немесе жоба үшін.
5. «Экономиканың қозғаушы күші» — «Драйвер экономики» (баспа БАҚ арасында)
Өңірдің экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне арналған материалдар топтамасы үшін.
6. «Экономиканың қозғаушы күші» — «Драйвер экономики» (ТВ, YouTube, пабликтер)
Өңірдің дамуы мен өзекті мәселелерді көтеретін авторлық бағдарламалар үшін.
7. «Ақпаратты меңгерген – әлемді меңгереді» (радио арасында)
Патриоттық тәрбие мен қоғамдық құндылықтарды насихаттайтын бағдарламалар топтамасы үшін.
8. «Халық және билік» (баспа, ТВ, интернет)
Қазіргі қоғамның дамуы мен Қостанай облысындағы маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси оқиғаларды жариялауға арналған материалдар циклі үшін.
9. «Көзмерген» — «Мир в объективе» (баспа, интернет)
Қоғам өмірін шынайы әрі әсерлі бейнелейтін үздік фотоматериалдар үшін.
10. «Көзмерген» — «Мир в объективе» (ТВ, интернет)
Қоғам өмірін көрсететін үздік бейнематериалдар үшін.
11. «Интернет иірімі» (тек сайттар)
Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды ақпараттық кеңістікке белсенді тартқаны үшін.
12. «Жемқорлық – қоғам кеселі» («Заң және тәртіп» нарративі аясында)
Сыбайлас жемқорлықтың салдарын түсіндіруге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған материалдар топтамасы үшін.
13. Solutions Journalism (Шешімдер журналистикасы) (ТВ, баспа БАҚ, сайттар)
Мәселені сипаттап қана қоймай, оны шешу жолдарын ұсынатын материалдар топтамасы үшін.
14. «Ауылым – алтын тұғырым» (аудандық БАҚ арасында)
Қостанай облысындағы ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты насихаттайтын материалдар топтамасы үшін.
15. «Таза Қазақстан» (баспа БАҚ, ТВ)
Экологияны жақсарту, көгалдандыру және табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастыруға арналған аналитикалық материалдар үшін.
16. «Журналистиканың болашағы» — «Будущее журналистики» (баспа БАҚ, сайттар)
6–16 жас аралығындағы балалар арасындағы үздік жарияланым.
17. «Менің Отаным Қазақстан» — «Моя родина Казахстан» (ТВ, баспа БАҚ, сайттар)
16–35 жас аралығындағы студенттер мен жастар арасындағы үздік жарияланым.
