Амангелді ауданы білім бөлімінің Бүйректал жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қазақ ауылы» этножобасы жүзеге асырылды.
Бесіктің қадірін ұмытпайық
«Қостанай таңы» газетінің оқырманымын. Онда көп жаңалықтарды, өнегелі әңгімелерді жазады. Бірақ көбі газетке жазылмайды. Мен тұратын көшеде көбі қазақтар, бірақ газетке жазылмайды да, алмайды да екен. «Күнде теледидардан көрсетеді, сосын жазылмаймыз» деп сылтау айтатындар бар. «Мүлде жазылмаймыз дейтіндер» де бар. Ал өзім күнде қонақ күткендей күтіп отырамын. Пошта жәшігін ашып, бар болса қуанып, ала сала […]
Қостанайда өткен ART BAZAR: қолөнердің қуаты мен рухы
Қостанайдың Сити орталығында 1 мамыр – Бірлік күніне орай өткен «ART BAZAR» шығармашылық жәрмеңкесі ерекше рух пен шабыттың алаңына айналды.
Қостанайлық қыз этносаралық айтыста бас жүлдені жеңіп алды
Қостанай қаласының тұрғыны Ирина Новицкая мемлекеттік тілді меңгерген өзге этнос өкілдері арасындағы республикалық айтыста үздік атанды.
Ыбырай музейінде бірнеше бүлдіршіннің тұсауы кесілді
Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі қабырғасында бұрын-соңды болмаған бұл ерекше әрі жүрекке жылу сыйлаған тағылымды іс-шараға өңірдің игі жақсылары жиналды. Көпшіліктің есінде қаларлық рухани мерекеге айналды.
«Әке – тірек, әке – өнеге»
Қостанайдағы Назарбаев мектебінде «Әке – тірек, әке – өнеге» тақырыбында алғаш рет Әкелер форумы ұйымдастырылды.
Торғайда аталар бата беріп жарысты
18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Жангелдин аудандық Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде «Батагөйлер» сайысы ұйымдастырылды.
Асыл әжелер үлгі көрсетіп, жүреккке жылу сыйлады
Амангелді аудандық мәдениет үйінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ерекше мазмұнға толы, тағылымы терең «Асыл әжем» атты аудандық байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталады
14-23 наурыз аралығында Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі өтеді. Наурыз мейрамын атап өтудің бұл форматы аз уақыт ішінде тарихи дәстүрлерді, мәдени іс-шараларды, қоғамдық бастамаларды ұштастырып, ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды халықтық мерекеге айналды.
Қазақтың ұлттық тағамын дәріптеген жан
Тамара апамызды әлеуметтік желідегі оқырман жақсы таниды. Жанға жайлы, биязы үні біреуге анасын, біреуге әжесін еске салғандай әсер қалдырады. Ол кісі ұмыт бола бастаған қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеп, балалары осы көріністі желіге жүктейді.
