«Әке – тірек, әке – өнеге»

«Әке – тірек, әке – өнеге»

Қостанайдағы Назарбаев мектебінде «Әке – тірек, әке – өнеге» тақырыбында алғаш рет Әкелер форумы ұйымдастырылды.

Бұл тағылымды іс-шара отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, бала тәрбиесіндегі әкенің ерекше рөлін тереңірек түсінуге бағытталды.

Әке – баласына бағыт-бағдар беріп, өмірлік ұстаным қалыптастыратын, сенім мен жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды тұлға.

Форум барысында қатысушылар білімнің маңызы, еңбекқорлық, отбасылық дәстүрлер, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні, спорт пен ән өнері туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ ұлттық мәдениетіміздің символы – домбыраның орны ерекше аталып өтті.

Форум соңында әкелер әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

blank blank

Білім ордасында осындай тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Форум қорытындысы бойынша Әкелер кеңесі құрылды.