Екі балықшы құтқарылды

Екі балықшы құтқарылды

Оқиға кешкі уақытта Рудный қаласының жанындағы Сергеев су қоймасының маңайында болған. Мұз үстімен келе жатқан екі балықшы суға құлап кеткен.

Құтқарылған балықшылардың бірі оқиғаның қалай болғанын айтып берді:

– Сол күні досым екеуміз су қоймасына балық аулауға барған едік. Мұз қалың, шамамен бір метрге жуық еді. Сағат бес жарым шамасында барлық балықшылар жағаға қарай кете бастады, біз де солардың ізімен жүрдік. Ешқандай қауіп сезілген жоқ. Бірақ бір сәтте досым суға түсіп кетті. Мен оны шығаруға тырыстым, бірақ ақырында екеуміз де ойықта қалып қойдық. Жанымызда ешкім болған жоқ, қатты қорықтық. Бақытымызға орай, полиция қызметкерлері бізді байқап, жүгіріп келді де, арқанның көмегімен алдымен мені, кейін досымды шығарып алды. Олар біздің өмірімізді құтқарып қалды, – дейді ол.

Полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында олар жағаға шығарылды. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін Рудный қалалық ауруханасына жеткізілген