Ұлттық құндылық ұлықталған күн: Allur Этно-ауылындағы Наурыз мейрамы

Ұлттық құндылық ұлықталған күн: Allur Этно-ауылындағы Наурыз мейрамы

Ұлыстың Ұлы күні – жаңару мен бірліктің, табиғаттың қайта түлеп, тіршіліктің жанданатын кезеңін білдіретін ерекше мереке. Биыл осы дәстүрлі мейрамды Allur зауыты Этно-ауыл аумағында кең көлемде атап өтті.

Зауыттың атқарушы директоры Арұлан Майконов жиналған қауымды, барша әріптестерін Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, жылы лебізі мен әріптестеріне деген шынайы ықыласын жеткізді.

Этно ауылы мереке қарсаңында ұлттық нақышқа бөленіп, қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптейтін орталыққа айналды. Ауылға жиналған қонақтар ұлттық ою-өрнектермен безендірілген алаңда мерекелік атмосфераны сезінді. Алтыбақан, садақ ату сияқты ұлттық ойындар көрініс тапты. Ән мен күй шырқалып, халық билері орындалды. Өнерпаздардың өнері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер де кеңінен насихатталып, тұсау кесу және бесікке салу рәсімдері болды.

Наурыз мейрамы мерекесі аясында Allur Этно-ауылы аумағында ерекше форматтағы «Digital Бәйтерек» жобасы ұсынылды. Зауыт қызметкерлері «Digital Бәйтерек» ағашына арнайы тілек ленталарын байлады.

Бұл бірлік пен татулықтың, сондай-ақ жаңа бастамаларға деген ұмтылыстың белгісі ретінде көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Этно-ауылы аумағында ұлттық дастархан кең жайылып, келген қонақтарға наурыз көже мен бауырсақ, палау таратылды.

Зауыттың қызметкерлері арасында арқан тарту, қол күрес  ұлттық ойыны ойнатылды.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Этно-ауылындағы Наурыз мерекесі тек ойын-сауық емес, ұлттық рухты көтеретін, дәстүрді жаңғыртатын маңызды мәдени шара болды. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпаққа ата-баба мұрасын танытып, ел бірлігін нығайтуға зор үлес қосады.

Бота МАНЕТ

Суреттерді түсірген Әли Сәлім