Қостанай қаласындағы №3 мектеп-гиназияда орналасқан 33-ші референдум учаскесінің жұмысы туралы учаске төрағасы Светлана Ковлющенконы сұхбатқа тарттық.
Абай атындағы мектепте ашылған учаскеде жастар белсенділігі артты
Юбилейный шағын ауданының тұрғындары үшін 863-ші учаске де белсенді жұмыс істеп жатыр.
Тегін автобус, көңілді концерт: ауылда референдум қалай өтіп жатыр?
Арқалық қаласына қарасты Родина ауылындағы №82 референдум учаскесінде тізім бойынша дауыс береді деп күтілген 1335 адам бар. Оның ішінде 4 адам денсаулық жағдайларына байланысты үйде дауыс беруге өтініштерін білдірген.
Аймақтық коалиция мүшесі: «Халықтың болашаққа деген сенімге толы көңіл-күйін сезіндім»
Қостанай қаласындағы №4 референдум учаскесінде А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, аймақтық коалиция мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Сейітбек Қуанышбаев дауыс берді.
Саяси науқанда қамыстылықтардың да белсенділігі байқалады
Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан референдумда өз таңдауын жасады. Ол Қамысты ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №399 референдум учаскесінде дауыс берді.
Рафаил Гаджибалаев: «Бүгін – біз үшін тарихи күн»
Қостанайдағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері саяси науқанға ұлттық киіммен келді. Осылайша бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.
Егіздер акциясы – Қостанайдағы ерекше дауыс беру сәті
Қостанай қаласында «Егіз Дауыс» («Twin Vote») акциясы аясында егіздер мен қос құрдастар дауыс беруге қатысты. Бұл ерекше акцияның мақсаты – жастар мен егіздердің азаматтық белсенділігін көрсету және референдумға қатысуды насихаттау.
№21 референдум учаскесі инклюзивті инфрақұрылыммен жабдықталған
Қостанай қаласындағы №21 референдум учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы инфрақұрылым ұйымдастырылған. Учаске №1 мектеп-лицейінің ғимаратында орналасқан.
№30 учаскеде тіркелген алты азамат үйінде, тоғыз адам алғаш рет дауыс беруде
Қостанай политехникалық жоғары колледжінде орналасқан №30 сайлау учаскесінде де жұмысты қалыпты жүріп жатыр.
Торғайда бір көшенің тұрғындары учаскеге ұлттық киіммен барып дауыс берді
Жангелдин ауданының орталығы Торғай шаһарында Тоқтабаев көшесінің тұрғындары 15 наурыз күні өтіп жатқан республикалық референдумда белсенділік танытып, дауыс беру учаскесіне ұлттық киіммен келіп, өз таңдауларын жасады.
