№21 референдум учаскесі инклюзивті инфрақұрылыммен жабдықталған

№21 референдум учаскесі инклюзивті инфрақұрылыммен жабдықталған

Қостанай қаласындағы №21 референдум учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау үшін арнайы инфрақұрылым ұйымдастырылған. Учаске №1 мектеп-лицейінің ғимаратында орналасқан.Ғимараттан шамамен 30 метр қашықтықта тиісті таңбалары мен белгілері бар арнайы автотұрақ қарастырылған. Бұл мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруге кедергісіз келуіне мүмкіндік беруде.


Сонымен қатар, ғимаратқа кіреберістің сол жағында көтергіш механизмі орнатылған. Оның жанында қажет болған жағдайда көмек шақыруға мүмкіндік беретін арнайы қоңырау түймесі де бар.

 

blank

«Бүгінде дауыс беруге келіп жатқан азаматтарға барынша ыңғайлы жағдай жасадық. Учаскеде көру қабілеті бұзылған адамдар үшін Брайль қарпіндегі ақпараттық тақтайшалар орнатылған. Сондай-ақ жарық диодты дисплейлер де қарастырылған. Есту аппаратын пайдаланатын азаматтарға қызмет көрсету аймағында дыбысты қабылдауды жақсартуға арналған арнайы индукциялық жүйе бар. Мұндай жүйе шектеулі кеңістіктерде және адамдар көп жиналатын жерлерде өте тиімді», — дейді учаскелік комиссияның төрағасы Бауыржан Қажияқбаров.

blank

Осылайша, №21 референдум учаскесінде әрбір азаматтың дауыс беру құқығын кедергісіз жүзеге асыруы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.