Егіздер акциясы – Қостанайдағы ерекше дауыс беру сәті

Егіздер акциясы – Қостанайдағы ерекше дауыс беру сәті

Қостанай қаласында «Егіз Дауыс» («Twin Vote») акциясы аясында егіздер мен қос құрдастар дауыс беруге қатысты. Бұл ерекше акцияның мақсаты – жастар мен егіздердің азаматтық белсенділігін көрсету және референдумға қатысуды насихаттау.

Акцияға қатысқан кейбір азаматтар:

  • Аязбек Айзат Дәуренұлы және Аязбек Айқын Дәуренұлы (ИУ №67)

  • Стригин Вадим Александрович және Стригин Никита Александрович (ИУ №10)

  • Жақсымбекова Зарина Асхатқызы және Жақсымбекова Сабина Асхатқызы (ИУ №860)

  • Толдыбаева Зарина Ерланқызы және Толдыбаева Камилла Ерланқызы (ИУ №874)

Егіздер акцияға белсенді қатысты. Өз ойын бөліскен Айзат Дәуренұлы:

«Біз бүгін бірге дауыс беріп, азаматтық ұстанымымызды көрсетіп отырмыз. Мұндай акциялар жастардың қоғамға деген жауапкершілігін арттырады. Біз үшін бұл ерекше тәжірибе әрі есте қалатын сәт», — деді Айзат.

blank

Референдумға қатысу арқылы егіздер өз таңдауларын жасап, азаматтық позицияларын көрсетті. Учаскелерде дауыс беру процесі ұйымдасқан түрде өтіп, әрбір қатысушыға барлық қажетті жағдайлар жасалған.