Рафаил Гаджибалаев: «Бүгін – біз үшін тарихи күн»

Рафаил Гаджибалаев: «Бүгін – біз үшін тарихи күн»

Қостанайдағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері саяси науқанға ұлттық киіммен келді. Осылайша бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.

Қаладағы №4 референдум учаскесі «Қостанай облысы бойынша Еңбек мобильділігі орталығы» мемлекеттік мекемесінде орналасқан. Бұл жерге түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері келіп дауыс берді. Тату отбасындай, сән-салтанаты жарасқан дауыс берушілер сырнайлатып, кернейлетіп, маңайды думанға бөледі.

blank

«Бүгін – біз үшін тарихи күн. Жаңа Конституция жобасына дауыс беруге келдік. Бұл қадам мемлекетіміз үшін маңызды. Әлемде, көршілес елдерде болып жатқан тұрақсыздықтарды естіп, біліп жатырмыз. Мұндай жағдайда қоғамның біртұтастығын, ауызбіршілігін сақтау аса қажет. Жаңа Конституция еліміздің саяси және экономикалық даму мүмкіндігін кеңейтеді деп ойлаймын. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері ел ішінде тыныштықтың мәңгі салтанат құрғанын қалайды. Біз бәріміз бір ел, бір халықпыз. Мемлекетіміздің дамуына үлес қосу жолында ұйымшылдық танытайық»,-деп есептейді «Бірлік» әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Рафаил Гаджибалаев.

blank