Саяси науқанда қамыстылықтардың да белсенділігі байқалады

Саяси науқанда қамыстылықтардың да белсенділігі байқалады

Қамысты ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан референдумда өз таңдауын жасады. Ол Қамысты ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №399 референдум учаскесінде дауыс берді.

Аудан әкімі референдумға қатысу әрбір азаматтың азаматтық борышы екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай маңызды саяси оқиғалар азаматтарға мемлекет болашағына және қоғамның дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

– Әрбір дауыс маңызды. Референдумға қатысу – өз ұстанымыңды білдіріп, елдің одан әрі дамуына ықпал ету мүмкіндігі, – деді ол.

blank

Учаскелік комиссия төрайымы Елена Довгополованың айтуынша, учаске таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады. Алғашқылардың бірі болып жедел жәрдем жүргізушісі Геннадий Двореченец дауыс берген. Бұл – оның бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан жақсы дәстүрі.
Сондай-ақ таңертең учаскеде туған күн иесі Владимир Кикотьке сыйлық табысталды.

– Ол өзіне көрсетілген құрметке риза болып, тіпті біз оның бүгін туған күні екенін қайдан білгенімізді сұрады, – деп бөлісті Елена Михайловна.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген — Дина Нұғманова