Қостанай политехникалық жоғары колледжінде орналасқан №30 сайлау учаскесінде де жұмысты қалыпты жүріп жатыр.

– Жұрт ағылып келіп жатыр. Түске дейін ара-тұра кезек те пайда болды, – дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Людмила Дюсекеева. – Алғаш рет дауыс беріп жатқан азаматтарға естелік сыйлықтар табыстап жатырмыз. Біздің учаскедегі алты сайлаушы үйінде дауыс береді. Тоғыз адам алғаш рет дауыс беруде.

Солардың бірі – Қостанай политехникалық колледжінің студенті Денис Ячменник. Ол 18 жаста, жас жігіт өзінің азаматтық ұстанымын білдіру үшін дауыс беруге келген.

– Мемлекет қоғамға осындай маңызды мәселелерді реттеуге мүмкіндік беріп отыр. Оған біз атсалысып, өзіміздің ұстанымымызды білдіргеніміз жөн, ел үшін қажет, – деді Денис Ячменник.
