Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалқаман Жақып №6 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.
6697 әскери бөлімнің 300-ден астам әскери қызметшісі референдумға қатысты
Қостанай қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері республикалық референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады.
Референдум күніне арналған мәдени іс-шаралар жалғасып жатыр
Сайлау учаскелерінде жергілікті өнерпаздардың көшпелі концерттік бағдарламасы өтуде.
«Тобыл аренадағы» учаскеге тіркелген азаматтардың жартысына жуығы дауыс беріп үлгерген
Облыс орталығындағы «Тобыл арена» ғимаратында орналасқан 860-шы учаскеде де референдум қарқынмен өтіп жатыр.
Медиа кеңістікте алғаш рет онлайн марафонды журналистер робот-жүргізушімен бірге ресми түрде бастады
Марафонның ток-шоу алаңында қоғам үшін өзекті екі тақырып — «Инклюзивті қоғам» және «Бала тәрбиесі: дәстүр мен заманауи әдістің қайшылығы» талқыланды.
Ел тағдырына қатысты оқиғаға жүз жастағы абыз ақсақал да үн қосты
Абыз ақсақал, ҰОС ардагері, 100 жастағы ғасыр ата Қасымхан Алдабергенов жалпыұлттық референдумда дауыс берді.
№60 учаскеде 13 азамат алғаш рет дауыс берді
Қостанай қаласындағы №60 референдум учаскесінде барлығы 1864 азамат тіркелген. Олардың ішінде 13 азамат алғаш рет дауыс беруге қатысып жатыр. Сондай-ақ референдум күні туған күнімен тұспа-тұс келген 10 азамат бар.
Қарасу ауданында дауыс берушілер ұлттық киім киіп келді
Қарасу ауданындағы №520 референдум учаскесіндегі саяси науқан ерекше мерекелік сипат алды. Дауыс берушілердің бір легі ұлттық киім киіп келіп, жұртшылықтың назарына ілікті.
Аида Балаева: «Еліміз әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру жолында»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елдегі жаңа Конституцияны қабылдауға арналған жалпыұлттық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Сарыкөл ауданының әкімі референдумға отбасымен бірге қатысып, дауыс берді
Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков отбасымен бірге Ө.Сұлтанғазин атындағы мектепте орналасқан N669 референдум учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасады.
