Қостанай қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілері республикалық референдумға белсенді қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады.
Маңызды қоғамдық-саяси науқан аясында әскери бөлімнің жеке құрамы белгіленген сайлау учаскесіне барып, ел болашағына қатысты өз пікірін білдірді. Барлығы 300-ден астам сарбаз дауыс беріп, азаматтық міндеттерін орындады.
Әскери бөлім командирлігі бұл азаматтық бастаманы қолдап, әскери қызметшілердің қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуын жоғары бағалады.
Референдумға қатысу арқылы ұландықтар өз елінің дамуына үлес қосып, азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨҚ Баспасөз қызметі
