Референдум күніне арналған мәдени іс-шаралар жалғасып жатыр

Референдум күніне арналған мәдени іс-шаралар жалғасып жатыр

Сайлау учаскелерінде жергілікті өнерпаздардың көшпелі концерттік бағдарламасы өтуде.

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыұлттық референдум аясында аудан-қалаларда әртүрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.

blank

Сайлау учаскелерінде көркемөнерпаздар ұжымдарының көшпелі концерттік бағдарламасы халық назарына ұсынылып отыр. Өнерпаздар тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ән мен күйден шашу шашуда.

 

Концерт барысында халық әндері, патриоттық шығармалар және заманауи музыкалық туындылар орындалуда. Өнерпаздардың өнері учаскелерге келген азаматтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, мәдени атмосфера қалыптастыруда.

blank

«Мұндай мәдени бағдарламалар референдум күні дауыс беруге келген тұрғындардың көңілін көтеріп, жұртшылықтың бірлігі мен белсенділігін арттыруға ықпал етеді» дейді ұйымдастырушылар.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген – автор