Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қалқаман Жақып №6 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.Ақсақал ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытудан әрқашан шет қалмауға дайын тұратынын айтты. Оның пікірінше, әрбір дауыс – мемлекеттің ертеңі үшін маңызды қадам.
«Биыл 80 жасқа толғалы отырмын. Осынау мерейлі жасымда маңызды, тарихи оқиғаға куә болып, үн қосқаныма қуаныштымын. Болашағымызға үміт артатын шақта аға буын артқа тартпай, жол көрсетуі керек», — дейді ақсақал.
