Ел тағдырына қатысты оқиғаға жүз жастағы абыз ақсақал да үн қосты

Ел тағдырына қатысты оқиғаға жүз жастағы абыз ақсақал да үн қосты

Абыз ақсақал, ҰОС ардагері, 100 жастағы ғасыр ата Қасымхан Алдабергенов жалпыұлттық референдумда дауыс берді. Референдум учаскесінің өкілдері ақсақалдың үйіне барып, дауыс беру тәртібін түсіндірді. Ғасыр ата өз таңдауын жасап, келешек ұрпаққа деген өнегелі өсиетін айтты.

«Ата заң — бәріміз жүгінетін басты төреміз. Бүгін ел болып жаңарған Конституцияға дауыс беріп жатырмыз. Жаңа Конституция халықтың мүддесіне қызмет етсін. Бейбіт заман болсын, қазақ елінде өндіріс өркендесін», – дейді абыз ақсақал.

blank

Дауыс беру рәсімінен соң референдум учаскесінің қызметкерлері Қасымхан ата мен Шолпан әжеге сый-сияпат ұсынды.