Тегін автобус, көңілді концерт: ауылда референдум қалай өтіп жатыр?

Тегін автобус, көңілді концерт: ауылда референдум қалай өтіп жатыр?

Арқалық қаласына қарасты Родина ауылындағы №82 референдум учаскесінде тізім бойынша дауыс береді деп күтілген 1335 адам бар. Оның ішінде 4 адам денсаулық жағдайларына байланысты үйде дауыс беруге өтініштерін білдірген.

Ауылда алғашқы дауыс беретін азаматтар саны – 18 адам.

«Комиссиямыздың құрамында 7 адам жұмыс істеп жатыр. Бәрі де тәжірибелі, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын жандар. Қазіргі уақытта дауыс берушілердің жартысына жуығы азаматтық ұстанымдарын танытты. Халық өз ниеттерімен келіп жатыр», — дейді Родина ауылдық №82 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы Мереке Сыздықов.

blank blank

Мектеп ұжымы мен оқушылары тарихи күннің құрметіне референдумға келушілерге концерттерін ұсынуда. Далада көктемнің шуақты күнімен бірге көңілді әуен ойнап тұр.

blank

Айтқандай, референдум күні Арқалықта жолаушылар үшін автобустар тегін қызмет көрсетуде.