Жанашырлық дәстүрі
Басты жаңалықтар, Тобыл-Торғай тынысы

Жанашырлық дәстүрі

Қарасу ауданынан кейін Науырзымға жолымыз түсті. Сапар барысында аудан əкімі Мəди Ихтиляповпен кездесіп, өңірдің бүгінгі тынысы, ауылдардың дамуы жəне газетіміздің оқырманмен байланысы туралы əңгімелестік. Бұл кездесудің мен үшін орны бөлек. Өйткені Науырзыммен байланысымыздың тамыры тереңде жатыр.

Толығырақ
Бүгін – Дүниежүзілік Нан күні. Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың құттықтауы
Басты жаңалықтар, Мереке

Бүгін – Дүниежүзілік Нан күні. Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың құттықтауы

Құрметті жерлестер! 16 қазанда Дүниежүзілік нан күні (World Bread Day) атап өтіледі. Елімізде бұл күн «Нан күні» ретінде де мерекеленеді. Бұл мереке – маңдай тер мен адал еңбектің символы, ырыс-берекенің және өркендеудің қайнар көзі саналатын нанға деген терең құрметтің көрінісі. Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі саналатын облысымыз үшін бұл күннің маңызы айрықша.

Толығырақ
Қазақстан ұлттық парктерге бензинмен жүретін көліктердің кіруіне тыйым салуы мүмкін
Басты жаңалықтар, Заң мен тәртіп, экология

Қазақстан ұлттық парктерге бензинмен жүретін көліктердің кіруіне тыйым салуы мүмкін

Бұл мәселе Ереванда Қазақстан мен Армения өкілдерінің кездесуінде талқыланды. Нақты шешім әзіргеқабылданған жоқ. Бұл туралы Экология министрлігі мәлім етті деп хабарлайды kaz.inform.kz.

Толығырақ
Облыс әкімі Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің 35 жылдық мерейтойымен құттықтады
Басты жаңалықтар, Мәдениет

Облыс әкімі Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің 35 жылдық мерейтойымен құттықтады

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов құттықтауында қазақ даласында білім мен ағартушылықтың шамшырағы болған ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өнегелі жолын, бай мұрасын насихаттап келе жатқан музейдің өңірдің рухани-мәдени өміріндегі айрықша маңызын атап өтті.

Толығырақ
Кеудені кеспей жүрек қақпақшасын ауыстыруға болады: Қостанайда жаңа технология енгізілді
Басты жаңалықтар, Денсаулық

Кеудені кеспей жүрек қақпақшасын ауыстыруға болады: Қостанайда жаңа технология енгізілді

Қостанай облыстық кардиологиялық орталығында қолқаның аорталық қақпақшасын ауыстыру бойынша алтыншы жоғары технологиялық ота сәтті жасалды.

Толығырақ
Ерекше балаларға үміт сыйлаған жоба Қостанайда үздік атанды
Басты жаңалықтар, Қостанай ақпарат, Әлеумет

Ерекше балаларға үміт сыйлаған жоба Қостанайда үздік атанды

Қостанай ауданындағы «Лучики надежды» қоғамдық бірлестігі қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер арасындағы облыстық дәстүрлі байқаудың «Ең сәтті жоба» аталымында жеңіске жетті. Бірлестік жетекшісі Валентина Бутыринаға 200 мың теңгелік ақшалай сыйақының сертификаты табысталды.

Толығырақ
Су қайтты, бірақ артында 43 метрлік терең арна қалды
Басты жаңалықтар, Оқиға, Тобыл-Торғай тынысы

Су қайтты, бірақ артында 43 метрлік терең арна қалды

Қарасу — Үлкен Чураков күре жолының оң жағына салынған арнаны біз де көрдік. Жол бойында қарайып көрініп тұр. Жасанды арнаның ені кейбір жерлерде алты есеге ұлғайып 138  метрге, ал тереңдігі 43 метрге дейін жеткен. Өткен-кеткен мал-жанға тым қауіпті. Сондықтан Қарасу аудан әкімдігі жиегін бекітіп, қоршап қоймақшы.

Толығырақ