Тарихи жеңіс! Шұғыла Өмірбек — U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері!

Тарихи жеңіс! Шұғыла Өмірбек — U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері!

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасымыз украиналық Снежана Онуфриевамен кездесті. Тартысты белдесу 11:10 есебімен Шұғыла Өмірбектің пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы медаліне қол жеткізді.