Облыс әкімі Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің 35 жылдық мерейтойымен құттықтады

Облыс әкімі Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің 35 жылдық мерейтойымен құттықтады

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов құттықтауында қазақ даласында білім мен ағартушылықтың шамшырағы болған ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өнегелі жолын, бай мұрасын насихаттап келе жатқан музейдің өңірдің рухани-мәдени өміріндегі айрықша маңызын атап өтті.

«Қазақ даласында білім мен ағартушылықтың шамшырағы болған ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өнегелі жолын, бай мұрасын насихаттап келе жатқан музей өңіріміздің рухани-мәдени өмірінде ерекше орын алады. 1991 жылы ұлы ағартушының туғанына 150 жыл толуына орай ашылған музей бүгінде тарихи жадымызды жаңғыртып, ұлттық құндылықты дәріптейтін ғылыми-танымдық орталыққа айналды. Мәдени орда жас ұрпаққа бірегей тұлғаның ағартушылық идеяларымен бірге, білімге құштарлық пен отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеп келеді», – деді облыс әкімі.