Таяуда ғана сайтымызда «Қазақстан» кинотеатры ғимаратына ілінген жарнамадағы қателік туралы жазған едік. Онда «жақсы кино уақытТы» делініп, бір әріп қатесі жіберілгенін сынға алдық. Әлеуметтік желілерге тараған ескертпе жазбамыз мекенжайын дәл тауыпты.
«Хот-тағамнан» ауыз тиіңіз…
«Хот-дог» дейтін тез дайындалатын тағам бар. Жастар жақсырақ біледі. Осының атауын ағылшын тілінен тікелей аударсақ, «ыстық ит» деген мағына береді екен. Бірақ оны ешкім аударып жатпайды, шетелдік ныспысымен айтып үйренген. Ал осыны Қостанайдағы дүңгіршектердің бірі «пысықсып» қазақшалаған болыпты: «Хот-тағам» дейді.
«Жақсы киноның» жаман жарнамасы
Мына суретті оқырмандарымыз жолдады. Қостанай қаласының қақ ортасындағы «Қазақстан» кинотеатры маңдайшасында дәл осындай қате сөз тұр. Бастысы, орысшасында ағаттық жоқ, мемлекеттік тілдегі мәтіні ғана «мүгедек».
Көрген көзде жазық жоқ: жол жабық, жұмыс басталмай тұр…
Қостанайда жоспарға сәйкес Назарбаев көшесінің бойына жөндеу жүргізуге дайындық басталғанымен, мердігерлердің аяқтауға аса құлқы жоқ сияқты.
Көрген көзде жазық жоқ: бұл сым қауіпті ме?
Қостанайдағы Әл-Фараби көшесінің бойындағы Юбилейный аялдамасының жанында мына бір сым салбырап тұр.
Көрген көзде жазық жоқ: «бабин кескіштер» дегенді қалай түсінеміз?
Бұл хабарламаны Рудный қаласынан оқырманымыз жіберіп отыр.
Ата-аналар дабыл қақты: «Мектептің айналасын су басты»
Ауа райының күрт жылып кетуі қала ішіндегі аулалардың тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Мәселен, Қостанайдың орталығында орналасқан Ахмет Бірімжанов атындағы мектептің жанына бару қияметтің қияметі.
Көрген көзде жазық жоқ: жүргізушілер айнаға қарамай ма?
Қостанайдың 2-ші шағынауданында №10 бағыттағы автобустың жүргізушісі қол бұлғаған оқушыны аялдамадан алмай кеткен.
Көрген көзде жазық жоқ: жол бойында иттер жүр…
Оқырманымыз түсірген бейнежазба.
«Быт-шыты шықты». Қостанайлықтар жақында ашылған аялдаманың қазіргі жай-күйіне шағым айтты
Мына суретте биыл салынған Қостанайдағы «Балалар әлемі» аялдамасы бейнеленген. Жолаушыларға арналған аядай орынның бүгінде үйсіз-күйсіз бейбақтардың тұрағына айналғаны қынжылтады. Ішін жылытып тұратын батареясын да келген-кеткендер жұлып тастаған.