Жас — Ұландықтар «Астана күнін» айшықтады

Жас — Ұландықтар «Астана күнін» айшықтады

Астана күні мерекесіне орай «Жас — Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының «Балдәурен» жазғы лагерінің II ауысым оқушыларының қатысуымен «Астана — елімнің жүрегі» атты мерекелік мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында өнерлі оқушыларымыз туған елге деген сүйіспеншіліктерін ән арқылы жеткізіп, биші қыздарымыз әсем билерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Күйшілеріміз күмбірлеген домбыраның үнімен ұлттық өнерімізді дәріптесе, көркемсөз оқу арқылы балалар Отанға, елордаға деген құрметтері мен патриоттық сезімдерін әсерлі жеткізді.

«Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл күйде өтіп, балаларға ерекше әсер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойына елжандылықты, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді және өнерге деген қызығушылықты қалыптастырады», – дейді мерекелік сауық кешін ұйымдастырушылар.

Сондай — ақ, лагерде демалушылар «Жасанды жартастан өрмелеу» спорттық жарысына қатысты.

blank blank blank blank blank blank blank

Ұйымдастырушылардың айтуынша жарыс — жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға, батылдыққа, ептілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырады. Балалардың бойында жігер мен табандылықты қалыптастырып, олардың денсаулығын нығайтуға және белсенді демалысын тиімді ұйымдастыруға үлкен үлес қосады.

 

Мұрат Жүнісұлы                                                                                                                        Арқалық қаласы