«Иесі апа» дегеннен не түсіндік?

«Иесі апа» дегеннен не түсіндік?

Назарыңыздағы мына суретті бізге оқырманымыз жолдады. Бұл сорақы қате Қостанай қалалық ауруханасындағы бір кабинеттің есігінде ілулі тұр. Орыс тіліндегі «сестра-хозяйка» сөзін «иесі апа» деп аудара салыпты. Тап мұндай сауатсыздыққа қалай жол беруге болады? Мұны сауатсыздық емес, жауапсыздық дегеніміз дұрысырақ шығар. Өйткені адам аяғы арылмайтын білдей бір мекемеде осы орашолақ тәржіманы көретін көз табылмады дегенге сену қиын. Астарында «қазақшаға ұқсас сөздер болса жарайды ғой» деген немқұрайдылық тұрғаны анық. Қазақ тілін бұлай қор етуге бола ма? Біз өз тарапымыздан мұны «Шаруашылық мейірбикесі» деп аударуды ұсынар едік. Ұсыну аз, басшылығынан өзгертуді талап еткен де артық емес. Құрметті оқырман, бұл жөніндегі сіздің пікіріңіз қандай? Жалпы, ресми сайтымызда қазақ тіліндегі қателіктермен күресетін «Көрген көзде жазық жоқ» айдары белсенді жұмыс істеп тұр. Қандай да бір ағат жазбалар, «мүгедек» мәтіндер, «жарымжан» жарнамалар көзіңізге түссе, 8 771 213 72 02 нөміріне WhatsApp арқылы жүгінуге кеңес береміз. Сауатсыздықпен жұмыла күресейік!