Ауа райының күрт жылып кетуі қала ішіндегі аулалардың тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Мәселен, Қостанайдың орталығында орналасқан Ахмет Бірімжанов атындағы мектептің жанына бару қияметтің қияметі.
Осы жайында білім ордасының ата-аналары шағым түсірген болатын.
Жағдайды білу үшін мектеп директоры Кенжебек Шайхыбековке хабарластық.
“Таңертеңгі сағат жетіден Ikomek- ті шақырттық. Дәл қазір су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол негізінен біздің мектебіміздің аумағында емес оған дейінгі жерде жиналып қалған қардың суы. Оған қалалық әкімдік жауап беруі тиіс еді”, – дейді білім ордасының басшысы.
Суреттерді түсірген Жансая Сәбитбек