«Хот-тағамнан» ауыз тиіңіз…

«Хот-тағамнан» ауыз тиіңіз…

«Хот-дог» дейтін тез дайындалатын тағам бар. Жастар жақсырақ біледі. Осының атауын ағылшын тілінен тікелей аударсақ, «ыстық ит» деген мағына береді екен. Бірақ оны ешкім аударып жатпайды, шетелдік ныспысымен айтып үйренген. Ал осыны Қостанайдағы дүңгіршектердің бірі «пысықсып» қазақшалаған болыпты: «Хот-тағам» дейді.

Бұл жердегі «тағам» түпнұсқадағы «иттің» баламасы ретінде ұсынылып тұр. Соны аудармай-ақ қойса қайтеді екен? «Тағамды» әр атауға бір тықпалап берудің қажеті шамалы сияқты. Сіздің пікіріңіз қандай?

Суретті көзі қарақты оқырманымыз «Қазақстан» кинотеатрының маңында түсірген.