Сыннан – сабақ: қате сөз түзетілді

Сыннан – сабақ: қате сөз түзетілді

Таяуда ғана сайтымызда «Қазақстан» кинотеатры ғимаратына ілінген жарнамадағы қателік туралы жазған едік. Онда «жақсы кино уақытТы» делініп, бір әріп қатесі жіберілгенін сынға алдық. Әлеуметтік желілерге тараған ескертпе жазбамыз мекенжайын дәл тауыпты.

Біз айтқан ағаттықтың түзелгенін көрсететін фото бүгін ғана қолымызға тиді. Сыннан сабақ алып, кемдікті бірден түзете қойған жауапкершілігі бар азаматтарға рахмет айтамыз! Бұл өзгелерге де өнеге болса игі. Сіз бен біз болып, мемлекеттік тілдегі қате мәтіндерді түзеуге үлес қоса жүрейік!