7 қазан күні министрлікте Trust Education Company компаниясының өкілі, TrustExam.ai инновациялық платформасының әзірлеушісі Нұрали Сарбақышпен кездесу өтті.
Қазақстан алғаш болып ТМД елдері ішінде туризмнің ресми статистикасына мобильді деректерді енгізді
Digital Bridge халықаралық форумы аясында Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев мемлекеттік статистиканы цифрлық трансформациялау бойынша негізгі бастамаларды таныстырып, туризм статистикасына мобильді деректерді енгізу жобасына ерекше назар аударды. Мобильді операторлардың дербестендірілмеген деректері туристік ағымдар туралы егжей-тегжейлі және жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Тәртіпті қадағалаудағы цифрлық игіліктер: полиция шекара маңындағы жолдарды қалай бақылайды
Қарабалық ауданы — Ресей Федерациясымен шектесетін аймақ. Бұл жерден күн сайын жүздеген, кейде мыңдаған автокөлік Қостанай — Әулиекөл — Сұрған жолымен өтеді. Осы қарбалас трассалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету — полиция үшін басты міндет.
Жаңа министрліктің жаңа басшысы белгілі болды
Бұл туралы Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына Жаслан Мәдиевтің кандидатурасына келісім берді деп хабарланды.
Қостанайлық қарияларға жасанды интеллектің жайы таныстырылды
«Ауыл» партиясының Қостанай өңірлік филиалының ұжымы 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аға буын өкілдері мен ардагерлерге осындай тосынсый жасады.
Қостанай цифрлық инклюзияға қадам жасап жатыр
Қостанай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Smart Qostanai мобильді қосымшасын әзірлеушілер оны «Life Helper» («Өмір көмекшісі») сервисімен жақсартты.
Еңбек министрлігі АӘК-ті проактивті тағайындауда ЖИ қолданады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) проактивті түрде тағайындау кезінде жасанды интеллект технологияларын қолдануды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Коммуналдық жүйенің жаңғыру дәуірі алыс емес
Облысқа 2025–2029 жылдарға арналған энергетикалық-коммуналдық жүйені модернизациялау жөніндегі ұлттық жоба жұмыстарын түсіндіру үшін ҚР Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевтың кеңесшісі Мәлік Арман арнайы келді.
Цифрлық дәуір және қазақ тілі
Цифрлық дәуірдің талабы – ұлттық контентті дамыту. Ақпараттық технологиялар қарқын алып, жасанды интеллект адам өмірінің барлық саласына терең бойлап барады. Әлем елдері дәстүрлі салалармен қатар, креативті индустрияны экономиканың маңызды бір тармағына айналдырып үлгерді.
Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі пайда болады
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауы барысында айтты. Ол Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық мемлекет болуы керек екенін алға тартты.