Мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялау азаматтар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету тәсілін түбегейлі өзгертуді жалғастыруда. Бүгінде ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу жылдамырақ қана емес, өңір тұрғындары үшін анағұрлым қолжетімді бола түсуде. Негізгі басымдық қызмет алу уақытын қысқартуға, электрондық арналарды дамытуға және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарының мүмкіндіктерін кеңейтуге қойылып отыр.
Газ саласында электрондық құжат жүйесі енгізілді
ҚР Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамының мұнай өнімдерін өткізу саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізе бастағанын хабарлады.
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды
Қытайдағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен Бейжің қаласындағы Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және AI-кино мен телевидение саласындағы Қазақстан -Қытай инновациялық алмасу форумы өтті.
Олжас Бектенов 16-шы Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресіне қатысты
Конгресс – жыл сайын тау-кен металлургия саласының болашағын талқылау үшін түрлі мемлекеттер өкілдерін, бизнес қауымдастығын, сарапшылар ортасын және халықаралық ұйымдар өкілдерінің басын біріктіретін беделді алаң. Форумға әлемнің 16 елінен 1,5 мыңнан астам делегат жиналуы – Қазақстанның тау-кен металлургия кешенін дамытуға деген жоғары қызығушылықтың айқын дәлелі.
Цифрландырудың жаңа деңгейіне көтеріледі
Қостанай облысында цифрландыру мен инновациялық жобаларды дамыту бағытындағы жұмыстар жаңа деңгейге көтерілуде. Өңірде IT-стартаптарды қолдау, жасанды интеллект технологияларын енгізу және жас мамандарды даярлау ісі жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев ӨКҚ алаңында мәлімдеді.
QOSTANAI TECH: Қостанай цифрландыру мен индустрияның жаңа кезеңіне қадам басты
Қостанайда өтіп жатқан «QOSTANAI TECH» фестивалінде облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен цифрландыру бағытындағы жетістіктері туралы баяндады.
Қазақстан технологиялардың таза экспортеріне айналды: 2025 жылы IT-қызметтер экспорты 1,1 млрд доллардан асты
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан стратегиялық маңызды межеден өтті: отандық IT-қызметтер экспорты 1,142 млрд АҚШ долларын құрады.
Қостанайдағы түзету мекемесіне заманауи «Сөйлефон» бейнеқұрылғысы орнатылды
Бұл құрылғылар 38 мекемедегі жазасын өтеушілерге өз туыстарымен бейнебайланыс арқылы тұрақты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Арқалық студенттері – ЖИ технологияларын жетік меңгерген жастар
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «AI SANA» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған байқауда Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің студенттері «ЖИ-технологияларын тәжірибеде ең үздік қолдану» номинациясына ие болды.
Қостанайда жаңа үлгідегі жылу есептегіш қолданысқа енді
Қостанайдағы коммуналдық мекемелер цифрлық және заманауи озық технология шешімдерін белсенді қолданылуға көшті.
