Арқалықта AI дәуіріне жол ашқан хакатон: 13 команда, 500 мың теңге жүлде қоры

Арқалықта AI дәуіріне жол ашқан хакатон: 13 команда, 500 мың теңге жүлде қоры

Арқалық қаласында алғаш рет «AI HACKATHON: VIBECODING CHALLENGE» атты ауқымды технологиялық байқау өтті. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, тың идеяларын нақты жобаға айналдыруға ұмтылған 13 команда өзара бақ сынады.

Қатысушылар креативті ойлау қабілеттерін, технологиялық білімдерін және жаңашылдыққа деген құлшыныстарын көрсетті.

VTIPOSHNIK командасы тартысты доданың жеңімпаздары атанды(250 000 теңге), IDEA X командасы екінші орын алды(150 000 теңге), VORTEX командасыа үшінші орынды (100 000 теңге) иеленді.

Байқауға қатысушы Бек-Әбіл Жүніс осындай ауқымды технологиялық іс-шараның Арқалықта ұйымдастырылуын қала жастары үшін үлкен мүмкіндік деп бағалайды.

«Арқалық қаласында осындай ауқымды технологиялық іс-шараның ұйымдастырылуы – үлкен жетістік әрі жарқын болашаққа жасалған маңызды қадам. Жасанды интеллект дәуірінде жастардың тың идеяларын қолдап, олардың шығармашылық және технологиялық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беру – нағыз болашаққа салынған инвестиция. Осындай бастамалар арқылы Арқалықтың талантты жастары үлкен белестерді бағындырып, еліміздің цифрлық дамуына өз үлестерін қосатынына сенім мол. Ұйымдастырушыларға зор алғысымды айтамыз, ал жеңімпаздарға шын жүректен құттықтауымызды жолдаймыз. Бұл игі бастама дәстүрге айналып, Арқалықтан әлемді таңғалдыратын жаңа жобалар мен мықты IT мамандары шыға берсін» — дейді ол.

Осылайша, командалар арасында жалпы сомасы 500 000 теңге жүлде қоры сарапқа салынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастардың шығармашылық әлеуетін ашып, еліміздің цифрлық дамуына серпін береді.

blank blank blank blank blank blank blank blank

«Жеңімпаз командаларды жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Олардың ізденістері, батыл идеялары мен жаңашылдыққа деген құлшыныстары — еліміздің цифрлық болашағына қосылған құнды үлес», – дейді ұйымдастырушылар.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы