Бұл туралы Мәжіліс Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына Жаслан Мәдиевтің кандидатурасына келісім берді деп хабарланды.
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына Жаслан Мәдиевтің кандидатурасы келісілді.
Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.
