Полиция әлеуметтік нысандардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейін тексеруде

Полиция әлеуметтік нысандардың терроризмге қарсы қорғалу деңгейін тексеруде

Қостанай облысында адамдар көп шоғырланатын нысандардың терроризмге қарсы қорғалуын жоспарлы түрде тексеру жалғасуда.

Бұл іс-шаралар облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілуде.

Ерекше бақылауда – мектептер, ауруханалар, сауда-ойын-сауық орталықтары және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандар.

Басқарма қызметкері Амангелді Бапиновтың айтуынша, тексеру барысында бейнебақылау жүйелерінің, дауыс зорайтқышпен хабарлау құрылғыларының, дабыл батырмаларының және күзет жұмысының тиімділігі бағаланады. Сондай-ақ инженерлік нығайтулардың жағдайы мен өткізу режимінің сақталуы да тексеріледі.

blank

Техникалық тексерулерден бөлек, полиция қызметкерлері нысан персоналына, әкімшілікке және мектеп оқушыларына арналған тәжірибелік сабақтар өткізуде.

Осындай шаралар аясында олар №3 мектеп-гимназиясының оқушыларымен, сауда орталығының күзет қызметкерлерімен және Қостанай облыстық ауруханасының қызметкерлерімен кездесті. Қатысушыларға лаңкестік қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмі, эвакуация тәртібі және ғимаратты оқшаулау ережелері түсіндірілді.

blank

Құқық қорғау органдарының айтуынша, осындай тексерулер тұрақты түрде өткізіліп, нысандардың төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға бағытталған.

Полиция департаменті: терроризм тұрғысынан осал нысандарда қауіпсіздік талаптарының орындалмауы немесе тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеуі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатының ескертеді.

Ағымдағы жылдың басынан бері 30-дан астам мекеме басшысы терроризмге қарсы қорғаныс талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.