Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, өмірін ел игілігіне, халыққа қызмет етуге арнаған қазыналы қария Ілияс Аманұлы 100 жасқа толды.
Ардагерді мерейтойымен облыс әкімі Құмар Іргебайұлының атынан облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов арнайы барып, құттықтап, ізгі тілегін айтты.
Бақытжан Хаберұлы ғасыр белесіне жетіп отырған ардақты ардагерге жүрекжарды лебізін жеткізіп, ықылас гүлін табыс етті.
Сұрапыл соғыстың бел ортасында болып, Курск шайқасы, Днепрден өту, Варшаваны азат ету, Рейхстагты алу кезінде ерлік көрсеткен Ілияс Аманұлының есімі – ел жадында мәңгілік сақталатын ерлік пен отансүйгіштіктің символы.
Соғыстан кейінгі бейбіт кезеңде де ол ел дамуына үлес қосып, тың игеру ісіне белсене атсалысты.
Ардагердің өнегелі өмірі – кейінгі ұрпаққа үлгі, ұлт рухын көтеретін тағылымды тарих.
Қымбатты Ілияс Аманұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасы амандығын тілейміз!
