Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық теңгенің көмегімен ақшаны таңбалауға және қадағалауға байланысты пилоттық жобаларды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді. Бұл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен қаржы жүйесін цифрлық трансформациялау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін озық технологияларды енгізу бөлігіндегі міндеттерге сәйкес келеді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі тұрмыста суды үнемдеу бойынша ұсыныстар әзірледі
Қоғамда суды ұтымды пайдалану мәдениетін қалыптастыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі тұрмыстық жағдайда суды үнемдеуге арналған әдістемелік ұсыныстар әзірледі.
«AI-Sana» жасанды интеллект бағдарламасы жоғары нәтиже көрсетті
Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім беру процесін оңтайландыру және цифрландыру мақсатында «AI-Sana» инновациялық жасанды интеллект бағдарламасы сәтті енгізіліп, белсенді жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 202 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде жыл басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 259,5 мың адамға SMS-хабарлама жолданған. ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 202,1 мың адам пайдаланған.
Қарабалықта облыс бойынша алғашқы жоғары жылдамдықты интернет іске қосылды
Қостанай облысы бойынша Қарабалық ауданы алғаш болып интернет байланысының сапасын арттыруды қолға алды.
Таза Қазақстан: Telegram-бот арқылы 800-ге жуық мәселе шешімін тапты
Қостанай облысында қоғамдық аумақтарды тазалау, экологиялық мәселелерді шешу және елді мекендерді абаттандыру жұмыстары цифрлық форматқа көшірілуде. Өңір тұрғындары енді кез келген мәселе бойынша Telegram-бот арқылы тікелей өтініш жіберіп, оның шешілу барысын бақылай алады.
Жұмыссыздарды қысқа мерзімді оқыту электронды форматқа көшірілді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілердің өтініші бойынша білім беру ұйымдарында жұмыссыздарды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру процестері «Enbek» электронды еңбек биржасында қолжетімді болғанын хабарлайды.
Энергияға инвестиция: 2026 жылға дейін жаңартылатын энергия көздері бойынша алты жоба жүзеге асырылады
Қостанай облысында энергиямен қамту жүйесін дамыту стратегиялық маңызға ие. Дәстүрлі энергия көздерімен қатар, жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) – жел, күн және газ энергиясына да ерекше көңіл бөлінуде.
Қазақстан деректер ашықтығы жөніндегі ODIN халықаралық рейтингінде 44-ші орынға көтерілді
Қазақстан деректер ашықтығының Open Data Inventory әлемдік рейтингінде 51-ші орыннан 44-ші орынға дейін көтеріліп, өз позициясын жақсартты.
Роботтар арамызда: елде қандай салалар автоматтандырыла бастады?
Роботтандыру өнеркәсіп, медицина, мемлекеттік және логистикалық қызмет көрсету сынды өмірдің түрлі салаларына еніп жатыр.
