Қостанайлық қарияларға жасанды интеллектің жайы таныстырылды

Қостанайлық қарияларға жасанды интеллектің жайы таныстырылды

«Ауыл» партиясының Қостанай өңірлік филиалының ұжымы 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аға буын өкілдері мен ардагерлерге осындай тосынсый жасады.
Филиал аппаратының басшысы Мүслима Даньярова ардагерлерді мерекемен құттықтап, аға буынға деген ізгі тілегін жеткізді.

«Кездесудің негізгі мақсаты – ардагерлерге заманауи технологияларды, әсіресе жасанды интеллектті күнделікті өмірде қолдануды үйрету. Практикалық бөлім барысында қарттар смартфон арқылы жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып жатыр», – дейді ол.

Түсіндіру жұмыстарына М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ мен А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің белсенді ұстаздары және партияның Жастар қанатының мүшелері атсалысып, өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісті.

blank blank

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай ардагерлерге партия атынан арнайы медальдар мен сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Әбутәліп Әмір өз атынан ардагерлерге шығармашылық еңбектерін сыйға тартты.

Құрметті қонақтар ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтып, ақжарма тілектерін жеткізді.

Аға буынға құрмет көрсетіліп қана қоймай, олардың жаңа заманның цифрлық мүмкіндіктерімен танысып, қоғам өміріне белсенді араласуына жол ашылды.