ІІМ қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллект енгізіліп жатыр

ІІМ қызметке қабылдау процесіне жасанды интеллект енгізіліп жатыр

7 қазан күні министрлікте Trust Education Company компаниясының өкілі, TrustExam.ai инновациялық платформасының әзірлеушісі Нұрали Сарбақышпен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты дамыту және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою жөнінде ортақ ниет білдірді.

Ішкі істер министрлігі мен Trust Education Company арасындағы әріптестік кадрларды іріктеу жүйесіне интеллектуалды технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, процестің ашықтығын, тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.