Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапарымен барып, бірнеше әлеуметтік нысанды аралады. Жергілікті диқандармен жүздесіп, аудан әкімі Марат Шымырбековтің «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарған жұмысының есебін тыңдады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында жаңа конституциялық органның стратегиялық міндеттерін айқындады
Ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың үнін есту және өңірлердің әлеуетін арттыру айрықша маңызға ие. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы. Астанада өткен алғашқы сессияда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа институттың алдағы жұмыс бағдарын айқындап, оның елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөліне ерекше тоқталды.
«Қазсушар» ұжымы саланың ардагерлерін мерекемен құттықтадж
«Қазсушар» ШЖҚ РМК Қостанай филиалының ұжымы су шаруашылығы саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, оларды құттықтады. Салаға саналы ғұмырын арнаған азаматтарға құрмет көрсетіп, ақжолтай тілектерін жаудырды.
Үш ұрпақ – ортақ мұрат
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қостанай қаласында «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» атты тағылымды іс-шара өтті.
Жүз жылдық белес – тағылымды тарих: Қаратүбек мектебінің мерейтойы аталып өтті
Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылындағы Қаратүбек орта мектебінің құрылғанына 100 жыл. Бұл мерейтой бір мектептің ғана емес, тұтас ауылдың ғасырлық тарихын ұлықтаған тағылымды оқиғаға айналды. Айтулы іс-шараға білім ұясының әр жылғы түлектері, ұлағатты ұстаздар, құрметті меймандар шақырылып, мектеп мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.
Торғай өңірі: даму жолындағы жаңа белес
Үкімет биылғы астықтың сатып алу бағасын анықтады. Яғни 3-сыныпты бидайдың сапалық көрсеткішіне байланысты ол тоннасына 92-ден 115 мың теңгеге дейін болып белгіленді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арқалықта Қостанай облысы оңтүстік өңірлерінің шаруаларымен кездесуде хабарлады.
Қазына қарияларға құрмет көрсетілді
Қарттар күніне орай «Әділет» партиясы Қостанай облыстық филиалының басшысы Бибігүл Аққожина бастаған партия мүшелері қазыналы қариялардың шаңырағына барып, аға буын өкілдерін мерекемен құттықтады.
Үш жаһандық рейтинг – Қазақстан үшін маңызды белгі
2026 жылғы қыркүйек Қазақстан үшін ғылым, инновация, жоғары білім және адами капитал салаларындағы халықаралық рейтингтерде бірқатар маңызды нәтижемен есте қалды. Ғылым, білім беру және аграрлық даму саласында көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан адам ретінде бұл көрсеткіштердің мен үшін маңызы ерекше.
Дәуірдің куәсі – Дәуренбек ата
Тыл еңбеккері, журналистика саласының ардагері – Дәуренбек Ахметбеков санаулы күндерден соң 97 жасқа толады. 1929 жылы 7 қазанда, Қостанай облысы, Қостанай ауданына қарасты Озерный ауылының аумағындағы Жалтыркөл атты шағын елді мекенде дүниеге келіпті. Балалық шағы отызыншы жылдардағы қуғын-сүргін, қырықыншы жылдардағы соғыс салған лаңға тап келіп қиыншылықпен өтті. Жоқшылықты, жетімдікті көрді. Алайда алға ұмтылудан тынбады. Жоғары […]
Қостанай облысында «Әділет» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы өтті
«Әділет» партиясының Республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы ел өңірлерінде жалғасып келеді. Кезекті қабылдау Қостанай облысында өтті. Шолақсай, Қарамеңді, Большая Чураковка және Красный Кордон ауылдарының тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, оларды шешуге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
