Үш ұрпақ – ортақ мұрат

Үш ұрпақ – ортақ мұрат

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қостанай қаласында «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» атты тағылымды іс-шара өтті.

Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелге «Әділет» партиясы Қостанай облыстық филиалының басшысы Бибігүл Аққожина, колледждің ардагер ұстаздары мен студенттері қатысты.

Іс-шараны колледж директоры Дмитрий Павленко ашып, Халықаралық қарттар күнінің мән-маңызына тоқталды. Ол аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік және кәсіби тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізу – қоғам үшін маңызды міндет екенін атап өтті.

Кездесу барысында ардагер ұстаздар өздерінің еңбек жолдары мен ұстаздық қызметтегі жылдары туралы естеліктерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Студенттер де өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, аға буын өкілдерімен еркін пікір алмасты.

«Әділет» партиясы Қостанай облыстық филиалының басшысы Бибігүл Аққожина ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтап, олардың білім беру саласына сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды.

«Сіздердің саналы ғұмырларыңыз бен еселі еңбектеріңіз кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі. Ұстаздық жол – үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап ететін қасиетті жол. Бүгінгі жастардың бойындағы білімге деген ұмтылыс пен азаматтық ұстанымның қалыптасуына сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Үш ұрпақтың бір жерде бас қосуы – тәжірибе алмасып, сабақтастықты нығайтудың жақсы мүмкіндігі. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр және әрдайым құрмет пен қошемет тілеймін», – деді Бибігүл Аққожина.

blank

Іс-шара барысында Бибігүл Аққожина ардагер ұстаздарға ізгі тілегін білдіріп, партия атынан арнайы марапаттар табыстады. Ардагерлерге көрсетілген құрмет олардың көп жылғы еңбегіне берілген лайықты баға болды.

Дөңгелек үстел барысында ұрпақтар сабақтастығы, жастар тәрбиесі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ұстаз еңбегінің қадірі және өмірлік тәжірибені кейінгі буынға жеткізу мәселелері сөз болды.

blank

«Үш ұрпақ – ортақ мұрат» атты кездесу аға буын мен жастар арасындағы байланысты нығайтып, өзара тәжірибе мен өнегені бөлісуге мүмкіндік берді.

Мұндай іс-шаралар жастарға аға буынның өмірлік жолы мен еңбегінен тағылым алып, адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға жол ашады.

Суреттерді ұсынған — «Әділет» партиясының баспасөз қызметі