«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен форматтарын жүйелі дамытып келеді. Ұсынылған заманауи шешімдердің бірі — «Жеке менеджер» сервисі. Аталған сервис түрін азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарында да, көшпелі қызмет көрсету форматында да пайдалана алады.
