Арқалықта «Менің аулам – менің бағым»: 35 жеміс ағашы отырғызылды

Арқалықта «Менің аулам – менің бағым»: 35 жеміс ағашы отырғызылды

Аталмыш жоба – Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Кезекті іс – шарада Арқалық политехникалық колледжінің алаңына 35 түп жеміс ағаштары отырғызылды.

«Менің аулам – менің бағым» атты ұзақмерзімдік экологиялық жобасының салтанатты ашылуында қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов құттықтау сөз сөйлеп, тың жобаның азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталып отырғанын алға тартты.

Колледж жастары өнерінен шашу шашып, қала әкімінің орынбасары Мешітбай Қайыржанұлы колледж басшысы Алмас Қалтайұлымен бірге ағаш көшеттерін отырғызуға атсалысты.

blank

– «Менің аулам – менің бағым» жобасы облысымызда жақында ғана облыс басшылығының мұрындық болуымен ресми түрде бастау алған болатын. Осы науқанды қолдап Арқалық политехникалық колледжі атынан кең көлемде ағаш егу жұмыстарын жүргізудеміз. Біз бұл істі демеушілеріміздің көмегімен жүзеге асырып жатырмыз. Науқанның алға қойған ұстанымы – тек қана ағаш егіп қоймай, білім алушыларымыздың атсалысуымен қаланың экологиялық өмірін жандандыру, – дейді колледж директоры Алмас Карбозов.

Ағаш егу жұмыстарына колледж білім алушылары мен оқытушылары жүйелі түрде атсалысып, жас көшеттер зор ынтамен барлық талапқа сай отырғызылды.

blank blank blank blank blank blank blank blank

Әнмен, сәнмен, аялы алақанмен егілген алма ағашы мен алмұрт ағаштары келешекте жайқалып өсіп қана қоймай жемісін де беретін болады.

      Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

 

Арқалық қаласы