«Қазгидромет» бүгінгі ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстарын болжап отыр. Бұл туралы ТЖМ тұрғындарға ескерту жариялады.
Қостанайда жалған нөмірлі автокөлік ұсталды
41 жастағы жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу белгісі бар Toyota Land Cruiser 100 маркалы көлігін басқарып келе жатқан. Полицейлер оның жүргізуші куәлігінде де шектеу болғанын анықтады.
Қарабатырда еңбек өтілі 130 жылға жақындаған механизаторлар әулеті тұрады
Қарабатырлық Дударевтер ауыл шаруашылық саласында 130 жыл еңбек етіп келеді. Атап айтқанда, әулеттің үлкені Николай Сергеевич – 47, оның ұлы Сергей Николаевич – 46 жұмыс істесе, немерелеріі Денис – 22 және Дмитрий 15 жылдан бері техника тізгінінде.
Қостанайлық музыка зерттеуші Алматыдан Тобыл-Торғай өңірінің құнды мұраларын іздеп тапты
Биыл Қостанайда алғаш рет жоспарланып отырған республикалық ғылыми өнер конференциясына дайындық басталып кетті. Фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясымен бірлесіп, басшылығының қолдауымен қарқынды жұмыстар атқарылды.
Қостанайда «Ұлы жеңістің 80 жылдығына 100 күн қалды» акциясы бастау алды
Еліміз үшін 2025 жыл маңызды жыл. Себебі бұл жылы Ұлы жеңіске 80 жыл толып отыр. Аталмыш күнге орай елімізде «Ұлы жеңістің 80 жылдығына 100 күн» атты акция басталды.
Болашақ журналистер «Қостанай таңы» газеті редакциясында қонақта болды
«Жастар Рухы» белсенділері мен Қостанай өңірлік университетінің студенттері қарашаңыраққа бас сұқты. Олар «Аманат» партиясы мен «Қостанай таңы» газеті бірлесіп ұйымдастырған Ұлттық басылым күніне арналған кездесуде ата басылымның тарихымен танысып, бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар болды.
Өңдеу шаруашылығын алдыңғы орынға шығару керек
Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған мәселелер елдің экономикалық, әлеуметтік және инвестициялық саясатын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл ұсыныстардың жүзеге асуы Қазақстанның тұрақты өсіміне ықпал етіп қана қоймай, жаһандық экономикадағы орнын нығайтуға да мүмкіндік береді.
«Кондитерлік астана». Жаңа ірі кәсіпорынның іргесі қаланады
«Баян Сұлу» акционерлік қоғамы «Кондитерлік астана» аталатын технологиялық өндірістік кешенінің құрылысы басталмақ. Бүгін болашақ нысанның қазығын қағуға арналған ресми іс-шара өтті.
«Сағындым Алматымды» әнінің шығу тарихын білесіз бе? (ВИДЕО)
Әсем Алматы туралы жазылған әсерлі ән көп. Бірақ «Сағындым Алматымды» сондай туындылардың тәжі тәрізді десе болады. Сөзін қазақтың көрнекті ақыны, мақтаныш тұтар жерлесіміз Серікбай Оспанұлы жазғаны да екінің біріне мәлім. Ал осы шығарманың шығу тарихын бәріміз бірдей білеміз бе?
«Батамен ел көгерер» республикалық байқауы жарияланды
«Ауыл» партиясы» РҚБ Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған « Батамен ел көгерер» атты республикалық батагөйлер байқауына қатысуға шақырады!