Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.
83 жылдан кейін анықталған тағдыр: майдангер Сүгірәлин Әбдіхалықтың жерленген жері белгілі болды
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жылдан асса да, майдан даласында қаза тауып, туған жеріне оралмаған мыңдаған қазақстандық жауынгердің тағдыры әлі күнге дейін зерттеліп келеді.
Қарулы күштердің әскери қызметшілері мамандық бойынша даярлыққа кірісті
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде жауынгерлік даярлықтың кезекті кезеңі – мамандық бойынша даярлық басталды. Оқу барлық әскери бөлімдерде ұйымдастырылып, әскери қызметшілердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес кәсіби білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталмақ.
Орман шаруашылықтарына 25 жаңа өрт сөндіру көлігі табысталды
Жаз мезгілі басталысымен орман өрттерінің қаупі күшейетіні белгілі. Әсіресе орман қоры мол өңірлер үшін бұл мәселе ерекше өзекті. Табиғаттың баға жетпес байлығын сақтап қалу үшін заманауи техника, кәсіби мамандар және тиімді басқару жүйесі қажет. Қостанай облысында осы бағыттағы жұмыстар жыл сайын күшейіп келеді.
Қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 101 жыл
15 маусым – Кеңес Одағының Батыры, мерген Әлия Молдағұлованың туған күні. Ұлы Отан соғысы жылдарында Отаны үшін отқа түсіп, ерлігімен ел есінде қалған қазақтың қаһарман қызының биыл туғанына 101 жыл.
Шынайы марапат , көңілге шарапат
Қостанай қаласының әкімдігінде жұма сайын қызметтік лездеме өтетін. Ал бүгінгі жұмыс күні марапаттау салтанатымен басталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы
Қымбатты отандастар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қан майдан қасіреті кино тілінде
«Жақсы киноны көрмейсің, сезінесің». Ал адамзат қасіреті арқау болған фильмдерді сезініп қоя салу аз, одан сабақ алмақ керек. Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы әлем кинематографиясының ең танымал тарауларының бірі дер едік. Онда тарих та, тақсірет те, зұлымдық та, ізгілік те, астыртын ымдау да, ашық үндеу де бар. Бүгін отандық, посткеңестік және әлемдік киношедеврлердің бірнешеуін еске түсіріп […]
Арқалықта Отан қорғаушылар күні аталып өтті
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы шешім қабылданды. Биыл Тәуелсіз Қазақстанның қарулы күштеріне 34 жыл толып отыр. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналып қалалық мәдениет сарайында «Ел қорғаны – ер ұлан» атты салтанатты жиын өтіп, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді. Әскерилер туды салтанатпен сахнаға әкеліп, ел Әнұраны орындалды. Қала әкімі Әмірхан […]
Ерлікке тағзым: 100 жастан асқан ардагерге ерекше құрмет
Отан қорғаушылар күні – ел үшін жанын қиған ерлерді ұлықтайтын ерекше мереке. Биылғы мерекеде ғасыр жасаған соғыс ардагері Қасымхан Алдабергеновке көрсетілген құрмет – соның айқын дәлелі. Жүз жастан асқан қарияға әскери ұйым өкілдері арнайы келіп, салтанатты түрде құттықтады. Әскери оркестрдің әуезді әуендері шырқалып, патриоттық әндер орындалып, айнала мерекелік көңіл-күйге бөленді. Ән мен күйге ұласқан бұл […]
