Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні – 2026» атты ауқымды интерактивті жобаны жоғары деңгейде өткізді. Іс-шара музейдің бейнелеу өнері бөлімінде ұйымдастырылды. Мәдени кешке Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары белсенді қатысты.
Қан майдан қасіреті кино тілінде
«Жақсы киноны көрмейсің, сезінесің». Ал адамзат қасіреті арқау болған фильмдерді сезініп қоя салу аз, одан сабақ алмақ керек. Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы әлем кинематографиясының ең танымал тарауларының бірі дер едік. Онда тарих та, тақсірет те, зұлымдық та, ізгілік те, астыртын ымдау да, ашық үндеу де бар. Бүгін отандық, посткеңестік және әлемдік киношедеврлердің бірнешеуін еске түсіріп […]
Ұлытау театры Қостанайда
Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры Қостанайда «Сен және мен» қойылымын ұсынды. Бұл туынды көрерменге терең ой салып, қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғады.
«Алтын домбыра» Алтынсарин ауданында: ақын Айбек Қалиевке құрмет көрсетілді
«Алтын домбыра-2025» айтысының бас жүлдегері, айтыс өнерінің айбынды өкілі Айбек Қалиев Алтынсарин ауданының тұрғындарымен жүздесіп, әсерлі кеште тағылымды әңгіме өрбіді. Сахна төрінде жарқырап тұрған «Алтын домбыра» – ақынның өнердегі биік белесінің белгісіндей. Кеш барысында Айбек Қалиев өзінің шығармашылығы, айтыс әлеміндегі қызықты сәттерін бөлісіп, көрерменнің ықыласына бөленді. Ақынның шәкірті Серікболсын ұстазына арнау айтып, көрерменге ерекше әсер […]
Елордада жиырма кітаптың тұсауы кесілді
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында болады деп хабарланған жиынға астаналық қаламгерлер айтылған уақыттан ертерек келді. Бірақ арнайы келе жатқан қонақтың ұшағы кешігуіне байланысты жиынның басталуын екі сағат күтсе де, тарап кетпеді. Себебі бұл жиын бұрынғыдан өзгерек – Қазақстан Жазушылар одағының жыл қорытындысына арналған еді.
Жасанды интеллект дубляж саласына қауіп төндіріп тұр
Францияда танымал актер, Бен Аффлек пен Хоакин Феникстің дауысын дыбыстаған Борис Релингер дубляж саласын жасанды интеллектен қорғауға шақырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
