Қостанайда «Ұлы жеңістің 80 жылдығына 100 күн қалды» акциясы бастау алды

Қостанайда «Ұлы жеңістің 80 жылдығына 100 күн қалды» акциясы бастау алды

Еліміз үшін 2025 жыл маңызды жыл. Себебі бұл жылы Ұлы жеңіске 80 жыл толып отыр. Аталмыш күнге орай елімізде «Ұлы жеңістің 80 жылдығына 100 күн» атты акция басталды.

blank

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты Қостанай қаласында орналасқан 6697 әскери бөліміде бұл акцияның ашылуын керемет іс-шарамен бастады.

blank

Қостанайдағы мәңгілік алауға ұландықтар жиналып, ерлердің ерлігіне тағзым етті. Ескерткішке гүл шоқтарын қойып, акцияның ашылуын жариялады.

blank

– Еліміздің әрбір аймағында Ұлы жеңістің 80 жылдығына 100 күн қалуына сәйкес әртүрлі іс-шаралар өткізілуде. Бұл айтулы іс-шарадан бізде қалыспай, өз үлесімізді қосудамыз, –деді 6697 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Ескендір Сараубеков.

blank

Еліміз бен жерімізді қасық қаны қалғанша қорғаған ерлердің ерлігіне тағзым жасау ұландықтар үшін де маңызды.

blank

Осылайша Ұлы жеңіске 100 күн қалды атты акциясы аясында әрбір күн сайын әскерм бөлімде әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.