Арқалықта суға кету оқиғасы тіркелді Фото: egemen.kz

Арқалықта суға кету оқиғасы тіркелді

Өкінішке орай, қала іргесіндегі жасанды су қоймаларының бірінде қайғылы оқиға болды. Оқиға 17 маусым 2025 жылы бұрынғы боксит карьерінің аумағында тіркелді.Жас жігіт суға түсуге арналмаған жерде суға батып кетті.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, оқиға қаладан шамамен 10 шақырым жерде, теміржол өткелінің артындағы карьерде болған. Бұл аумақ «қоршалған» деп есептелсе де, бірнеше жасөспірім оны елемей сол жерге барып суға түскен.

Куәгерлердің айтуынша, 2005 жылы туған бозбала жағалаудан тым алыс жүзіп кетіп, суға бата бастаған. Жанындағылар оған көмектесе алмапты.

Іздестіру-құтқару операциясына үш сүңгуір, екі техника және бір жүзу құралы қатысты. Кешқұрым, сағат 18:21-де мәйіт судан шығарылды. Мамандар рұқсат етілмеген жерде суға шомылуға болмайтынын ескертеді.

Мұрат Жүнісұлы

     Арқалық қаласы